ГлавнаяВыступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на расширенном заседании Совета Ассамблеи нар...

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на расширенном заседании Совета Ассамблеи народа Казахстана

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на расширенном заседании Совета Ассамблеи народа Казахстана

Құрметті Ассамблея Кеңесінің мүшелері!

Бүгін бәріміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз.  

Тәуелсіздік мерейтойы – Қазақстан үшін аса маңызды тарихи белес. Біз осы жылдарда тұғыры мығым, қуатты мемлекет құрдық.

Экономикамызды өркендеттік, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Мұның бәріне берекелі бірлігіміз арқылы қол жеткіздік.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Оның тиімділігін әлем қауымдастығы мойындады.  

Қазақстандағы тұрақтылық пен татулық  қоғамдағы ынтымақ пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтен бастау алады. Қастерлі Отанымызда түрлі мәдениеттердің үйлесім тапқаны – соның айқын көрінісі. Бұл – біртұтас ұлт болып ұйысуымыздың басты қағидаты әрі айнымас стратегиялық бағдарымыз.            

Қазіргі заманда сын-қатерлер аз емес. Мұндай жағдайда біз жалпыұлттық бірлігімізді одан әрі бекемдей түсуге тиіспіз. Сонда ғана мемлекеттілігімізді нығайтып, жаңа белестерді бағындыра аламыз. Ассамблеяның жиырма тоғызыншы сессиясында Елбасы осы бірегей құрылымға басшылық жасау құқығын маған сеніп тапсырғанын білесіздер. Бұл шешімді қолдаған баршаңызға шынайы алғысымды айтамын. 

Мен биылғы Жолдауымда ел бірлігін нығайта түсу қажеттігіне айрықша мән бердім. Осы маңызды жұмыста  Ассамблеямыз ең басты рөл атқаратыны сөзсіз. 

В последнее время нередко можно услышать мнение, что Ассамблея народа Казахстана нацелена на защиту и продвижение интересов различных этнических групп. Это слишком упрощенное, одномерное понимание ее огромного значения для нашей страны. На деле именно Ассамблея стала действенным инструментом укрепления единства нации и смогла объединить всех граждан вокруг идеи общей государственности. Благодаря ее созданию у нас появился эффективный механизм предотвращения политизации этнического вопроса, добавлю, очень сложного по своей сути вопроса.

Нельзя забывать, что на заре суверенитета многие политики и политологи предрекали нашему государству незавидную участь.

Для многих обычных людей и даже экспертов их предсказания казались обоснованными, особенно на фоне межэтнических конфликтов, полыхавших на просторах бывшего Советского Союза.

Однако все вместе, будучи единым народом Казахстана, мы смогли доказать несостоятельность пессимистических прогнозов. В этом огромной важности роль сыграла Ассамблея народа Казахстана, ставшая институтом общенациональной солидарности и символом единства народа.

Сегодня Ассамблея, обладая конституционным статусом, внедряет в свою деятельность новые подходы и стандарты, ориентированные на более широкое вовлечение казахстанцев в общественно-политическую жизнь страны.

Ассамблея всегда уделяла особое внимание продвижению государственного языка и укреплению его статуса в Казахстане. Только за это мы должны воздать должное Ассамблее народа Казахстана как патриотической организации.

Обычной практикой стали и такие новые формы гражданской активности, как благотворительность, социальное предпринимательство, меценатство, медиация.

К сожалению, мировой опыт показывает, что этнический фактор, межнациональные отношения до сих пор являются детонатором разного рода конфликтов, особенно в кризисные периоды. Их деструктивный потенциал заметно усиливается в современную эпоху информационных и гибридных войн, участившихся популистских заявлений, спекуляций и даже откровенных провокаций.

Жалпы, этносаралық татулық экономикаға, адамдардың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етеді. Бұған осы отыз жылдың ішінде көзіміз анық жетті. 

Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін мәдениет пен білімнің, ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы зор. Біз бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың жан-жақты әрі тиімді, яғни инклюзивті болуын қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қабылдадық. Осы мақсатта арнайы құрылымдар жасақталды. Дегенмен, этносаралық келісімді нығайту ісінде әрбір министрлік пен мекеме айрықша рөл атқарады. Әсіресе, әлеуметтік саладағы саясаттың орны бөлек.   

Шын мәнінде, этносаясатқа құзырлы органдар ғана жауап бермеуі керек.

Алдағы міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет.  Сонда ғана біз халқымыздың береке-бірлігін сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз. Тұрақты дамудың және  өсіп-өркендеудің бірден-бір жолы – осы.  

Біз этносаралық қатынас саясатын одан әрі жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдауымыз керек. Бұл – қазіргі заманның талабы, Қазақстанның ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі.  

Государственным органам, Ассамблее народа Казахстана следует сосредоточиться на следующих приоритетах.

Первое. Региональное развитие, основанное на принципах равенства возможностей.

Мировая практика показывает, что компактное проживание этносов способствует их социокультурной изоляции.

Это приводит к возникновению этнических анклавов, культурных и языковых барьеров, ведущих к росту межэтнического напряжения и даже возникновению конфликтов.

Поэтому, учитывая такой отрицательный опыт в мире, нужно разработать системные меры по преодолению негативной тенденции образования замкнутых этнических районов и кварталов в сельской местности и городах нашей страны.

В ряде регионов наблюдается также феномен «внутренней эмиграции», когда представители этнических групп дистанцируются от казахстанской действительности. Такая тенденция может воспрепятствовать полноценной интеграции этносов в казахстанское общество.

Считаю, что о таких серьезных проблемах нужно говорить открыто, откровенно. Замалчивать эти проблемы нельзя. В противном случае это может привести к нежелательным результатам, и мы не сможем реалистично оценивать всю сложность возникающих вопросов.

Проблемы развития регионов нужно рассматривать, прежде всего, с точки зрения исключительной важности достижения гармонии в этнодемографической сфере. С этим также связано последовательное повышение качества человеческого потенциала.

Хочу особо отметить: государство будет целенаправленно проводить политику социально-экономической интеграции этносов и пресекать любые трения на этой почве во избежание их перерастания в конфликты. Тем более, нам хорошо известно, что все такие конфликты – дело злонамеренных провокаторов. Вот с такими провокаторами мы будем бороться и будем беспощадны.

Екінші. Жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыру.

Біз былтыр әр өңірдің ішкі саясат басқармасынан жеке бөлім аштық. Осы бөлімдерге қолдау көрсетіп, жұмысын жандандыра түсу керек. Оларға өз құзыретіне кірмейтін тапсырма берілмеуі қажет.

Әркім өзіне жүктелген міндетті атқаруға тиіс. «Қоғамдық келісім» мекемесінің де қызметіне қатысты осы талапты ұстануға тиіспіз.  Аталған ұжымдарда жұмыс істейтін  қызметкерлердің жалақысын көбейткен жөн.   

Этносаралық қатынас саласындағы өңірлік құрылымдарды мамандармен қамтамасыз етуге баса назар аудару керек.  Бұл жұмысты, ең алдымен, ұлттық құрамы әртүрлі және белгілі бір этнос өкілдері тығыз қоныстанған аймақтарда қолға алу қажет.    

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынас саласына жүйелі сараптама жүргізуде.  Бұған қоса, министрлік қандай да бір кикілжің туындаған кезде тиімді әрекет жасаудың әдіс-тәсілдерін айқындады.   

Барлық деңгейдегі әкімдіктер ұсынымдарды сапалы орындауға тиіс. Бұл жұмыста Ассамблеяның тәжірибесіне арқа сүйеген жөн.

Сондай-ақ, бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек. Тиісті лауазымды тұлғалар олардың қызметі үйлесімді болуына тікелей жауап береді. Бұл салада салғырттық пен қателікке жол беруге болмайды. Осыны әркім есте сақтауы қажет.

Третье. Профилактика социальных, криминальных, бытовых конфликтов.

Это одна из первостепенных задач местных исполнительных органов.

Как сейчас принято говорить, «нулевая терпимость» к конфликтам на этнической почве должна стать нормой для органов внутренних дел и прокуратуры.

Все проявления этнического высокомерия, от кого бы они ни исходили, дискриминация по любым признакам, попытки расшатать на этой почве общественный порядок и, в целом, внутреннюю стабильность должны жестко пресекаться в соответствии с законом.

Акиматам всех уровней следует проводить профилактическую и информационную работу по каждому случаю нарушения прав граждан на этнической или языковой основе.

Необходимо активно использовать возможности общественно-правовых институтов, в частности, медиации.

Практика показывает, что для этномедиации в наших условиях наиболее эффективным является формат профессиональных переговорщиков.

Считаю, Ассамблея должна стать ключевым органом на этом направлении.

Важно не идти на поводу недобросовестных людей, всякого рода авантюристов, безответственных и некомпетентных политиков и экспертов, преследующих цель нанесения урона нашему единству извне и изнутри. Есть старая пословица: «собаки лают, караван идет». Как монолитное, единое общество мы уверены в себе, потому что наше дело правое. Это, однако, не означает наше бездействие. Нужно давать отпор, противостоять правовыми средствами и информационными инструментами разного рода провокациям против нашего общества и государства.  

Төртінші. Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамыту.

Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ауқымды этносаралық коммуникацияға жол ашуы керек. Республикалық аналар кеңесінің құрылуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бұл кеңес еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге атсалысады. 

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар.  Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру – айрықша маңызды міндет.

Сондықтан, Республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет.

Ассамблея жастармен жүргізілетін жұмысқа баса назар аударуға тиіс.  Әрине, бұл салада тәжірибеміз бар, соны одан әрі дамыта берген жөн.

Мысалы, «Big 7» деп аталған жоба аясында еліміздегі көптеген жастар ұйымы «Жаңғыру жолы» республикалық қозғалысының айналасына топтасты. Олар өңірлердегі жастар ісі жөніндегі кеңестермен және ресурстық орталықтармен байланысын нығайта түсті.  Бұл жұмысқа тың серпін беру керек.   Осы орайда, «Жаңғыру жолы» қозғалысын Ассамблеяның республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру мүмкіндігін қарастырған жөн.

Тағы бір мәселе. Бізде орман-тоғай аз. Бұл белгілі нәрсе. Сол себепті, мен еліміз бойынша 2 миллиард ағаш егу туралы бастама көтердім. Оған қоса елді-мекендерге 15 миллион көшет отырғызу қажеттігін айттым.  

Ассамблеяның белсенді жастары осы идеяны жүзеге асыруға атсалысады деп сенемін.

Әрбір өңірде «Халықтар достығына» арналған саябақтар ашуға болады.

В целом, мы должны показать себя всему миру как нация, которая бережно относится к природе, заботится о безопасном и благополучном будущем подрастающего поколения.

Бүгінде жастар мәселесі өте өзекті. Ассамблеяның кезекті сессиясын осы тақырыпқа арнауды ұсынамын. 

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтармен байланыс орнатудың тиімді құралына айналуға тиіс. Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе жұмыс істеу керек.    

Бесінші. Ассамблеяның әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау тәсілдерін дамыту. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жыл сайын көптеген маңызды жобаны жүзеге асырады. Бұл ретте, олар мемлекеттен ақпараттық қолдау және ұйымдастыру жағынан ғана көмек  алады. Мұндай бастамаларды Ассамблеяның «халықтық» жобасы деп атауға болады.  Олардың авторлары ресми түрде  Ассамблея жобасының жетекшісі ретінде танылуы керек.

Профильному министерству, акиматам необходимо поддерживать работу Ассамблеи и ее структур в реализации сквозных республиканских проектов с широким охватом людей.

Дома дружбы должны стать ресурсными центрами и проектными офисами для народных инициатив АНК, не превращаться в залы совещаний и торжественных собраний. Этнокультурным объединениям нужно активнее участвовать в этой работе.

За годы своего существования Ассамблея трансформировалась в действенный инструмент народной дипломатии.

Члены Ассамблеи рассказывают о Казахстане за рубежом, знакомят иностранных гостей с культурой нашего народа. За это мы благодарны вам. Продолжайте эту очень важную работу.

Такое взаимодействие несет в себе большой потенциал для углубления всестороннего международного сотрудничества. Предстоит усилить роль этнокультурных объединений и на этом направлении.

Сегодня сложилась достаточно успешная практика, когда руководство, члены Совета и депутаты Ассамблеи имеют персональные поручения, курируют отдельные проекты и важные направления работы всей Ассамблеи народа Казахстана.

Этот опыт необходимо масштабировать и в регионах. Акимы должны на постоянной основе тесно взаимодействовать со своими профильными заместителями.

Алтыншы. Ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу.

Бұл ретте, әрбір аудитория үшін бөлек ұстаным болуы керек.

Қазір электронды БАҚ пен әлеуметтік желі ақпарат таратудың маңызды құралына айналды.

Өңір басшылары жергілікті ассамблеяның жетекшісі ретінде ақпараттық кеңістікте белсенді болуы қажет.

Ассамблея мүшелері медиасалада, соның ішінде әлеуметтік желіде өз ұстанымын қорғай білуге тиіс. 

Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бір де бір сөз жауапсыз қалмауы керек.

Ассамблея қызметіне байланысты ақпараттық жұмыс нақты келісіліп, әрбір қадам бірыңғай алгоритм бойынша атқарылуы қажет.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс барынша тиімді орындалуға тиіс.

Большое значение имеет качественная, креативная работа по формированию позитивной информационной повестки по этнической проблематике.

В информационной работе крайне важно понимание того, что наше единство зиждется на прочном фундаменте общих ценностей и осознании гражданской общности казахстанцев.

Единство в многообразии – это наш фундаментальный принцип сохранения и упрочения национального единства. Этого принципа мы должны придерживаться и в будущем.

Седьмое. Диалог культур и общенациональный гражданский патриотизм.

Мы ежедневно видим яркие примеры гармоничного межэтнического взаимодействия, акты патриотизма и самоотверженного труда граждан страны разной этнической принадлежности. В Казахстане традиции межэтнического диалога имеют глубокие корни.

Возьмем, к примеру, выдающегося исследователя Григория Николаевича Потанина, которого деятели «Алаш» называли «почтенным и уважаемым аксакалом».

Потанин, как известно, говорил на казахском языке, изучал культуру и быт, историю нашего народа. Был в дружеских отношениях с другим выдающимся казахстанским ученым Шоканом Уалихановым.

В этом году под эгидой ЮНЕСКО отмечается 200-летие еще одного друга Шокана Уалиханова – классика мировой литературы Федора Михайловича Достоевского.

Думаю, в Семее, в одном из исторических центров нашей страны, следует организовать памятные мероприятия в честь этой даты.

В этом городе Достоевский плодотворно работал в течение пяти лет. Здесь расположен литературно-мемориальный дом-музей писателя, который может стать притягательным культурно-познавательным объектом для туристов со всего мира.

Взаимопроникновение культур не знает границ, оно духовно обогащает народы. В этом мое глубокое убеждение.

В Казахстане нашли вдохновение многие классики русской литературы – от Александра Пушкина до лауреата Нобелевской премии Михаила Шолохова, который как-то сказал: «На Дону – я казак, а на Урале – я казах».

Неоценимый вклад в сохранение музыкального наследия нашего народа внесли композиторы Александр Викторович Затаевич и Евгений Григорьевич Брусиловский.

Произведения казахской литературы открыли мировому читателю писатели-переводчики Морис Симашко, Герольд Бельгер, Анатолий Ким, Иван Щеголихин.

Представители многих этносов оставили заметный след не только в культуре Казахстана, но и в науке, промышленности, в других сферах деятельности.

Наше бесценное природное достояние – знаменитые на весь мир дикие яблони и тюльпаны впервые описали ботаники Иоганн Сиверс и Эдуард Регель.

Сегодня эстафету первооткрывателей успешно продолжает археолог Виктор Зайберт, который более 40 лет назад совершил сенсационное открытие древнейшего поселения Ботай, собрав неоспоримые доказательства того, что коневодство зародилось на территории именно нашей страны.

Подобные примеры дружбы народов, деятельного гражданского патриотизма и любви к Казахстану представителей различных этносов должны находить достойное отражение в образовательной, культурно-просветительской, информационной политике страны, а также, что важно, в ономастике.

Жизнь истинных патриотов следует изучать в учебных заведениях, их свершения на благо нашей Родины должны быть увековечены в памятниках и скверах. 

Сегодня большой созидательный потенциал несет в себе новая казахстанская культурная волна, которая выходит на международный уровень. Она близка и понятна глобальной аудитории, поскольку представляет собой гармоничный сплав цивилизаций Европы и Азии.

Ассамблея народа Казахстана должна принять активное участие в продвижении этого феноменального явления, в основе которого лежит огромное культурное многообразие нашей страны.

Восьмое. Научно-обоснованный подход к межэтнической сфере должен стоять во главе угла государственной политики.

Это сверхчувствительное направление не терпит дилетантизма и популизма. Здесь должны работать исключительно компетентные специалисты. На все возникающие вопросы внутри и вне нашей страны мы должны отвечать максимально взвешенно, языком научных фактов и выверенных цифр. Нам есть что сказать и положительный опыт Ассамблеи народа Казахстана – убедительное тому доказательство.

Поручаю министерству информации и общественного развития наладить практически полезные исследования по актуальной тематике интеграции, общенационального единства, гармонизации межэтнических отношений.

Құрметті Кеңес мүшелері!

Қазақстанда сан алуан этнос өкілдері тұрады. Бұл – бүкіл әлемге белгілі ақиқат. Шын мәнінде, бұл – біздің тағдырымызға жазылған бағымыз.  

Елімізде түрлі мәдениеттер бірге дамып келеді.  Соның арқасында әлеуетіміз артып, береке-бірлігіміз нығая түсуде.   

Біз отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керек.  Бұл – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ міндеті.

Жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі.

Егемен еліміздің баға жетпес байлығын кейінгі ұрпақ үшін сақтай білуіміз керек. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарасыздар деп сенемін!

Қасиетті Отанымыз жасай берсін!