Рәсім барысында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Франция Президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы конференция асында өтетін панельдік пікірталаста өңірлік қауіпсіздік мәселесі бойынша «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында өзінің ой-пікірін ортаға салады.
Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz