
Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы
Директор
Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева – телевизиялық редакцияларда, мемлекеттік коммуникацияларда, қоғаммен байланыста жұмыс тәжірибесі бар журналист, медиаменеджер.
Оның кәсіби жолында КТК телеарнасының саяси шолушысы, «Қазақстан» телеарнасының орыс редакциясының бас редакторы қызметтерін атқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Премьер-Министрінің баспасөз қызметтеріне басшылық ету болған.
Әр жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс департаментінің басшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
1999 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірді. 2021 жылы Швейцарияның халықаралық бизнес мектебінде адами ресурстарды басқарудағы Master of Advanced Studies in Human Resource Management біліктілігін алды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап – ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК директоры.


