Басты бет › «Jibek Joly» радиоарнасы

«Jibek Joly» радиоарнасы

 

«Jibek Joly» — 101.4 FM жиілігінде хабар тарататын заманауи елордалық радиоарна. Радиоарна хабар таратуын 2025 жылғы 1 мамырда бастады.

«Jibek Joly» эфирі ересек аудиторияға (20–45 жас) арналған танымал заманауи музыканы мазмұнды ойын-сауық, ақпараттық және сараптамалық бағдарламалармен үйлестіретін Hot AC with Talk форматында құрылған.

Радиоарнаның басты ерекшеліктерінің бірі — Қазақстан, Орталық Азия және түркітілдес елдердің танымал заманауи орындаушыларының ең үздік хиттерін қамтитын бірегей музыкалық ротация.

«Jibek Joly» эфирінен:

• қызықты әрі интерактивті радио-шоуларды;

• білім, құқық, қаржы және медицина салаларына арналған танымдық бағдарламаларды;

• қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді талқылайтын қоғамдық-саяси ток-шоуларды тыңдауға болады.

«Jibek Joly» радиоарнасы өңірлік медиакеңістікті дамытуға үлес қоса отырып, тыңдармандарына сенімді әрі сапалы контент, көтеріңкі көңіл-күй және күн сайын шабыт сыйлайтын заманауи медиаплатформа болуға ұмтылады.

 

«Jibek Joly» радиоарнасының басшысы

Буренкова Наталья Сергеевна

2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірді. Сонымен қатар «Драма театрының актрисасы» мамандығы бойынша да үздік диплом иегері.

Еңбек жолын 2001 жылы бастады. Әр жылдары Петропавл қаласындағы «Русское радио» радиосы мен «TV-Line» телеарнасында жүргізуші әрі редактор, «Қазахстан» РТРК» АҚ-ның «Астана» радиосында редактор қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап «Хабар» агенттігі» АҚ-ның «Qazaq TV» телеарнасында бас редактор қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне қарасты «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасында Халықаралық ақпарат қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.

2024 жылы «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының бағдарламалық директоры болып тағайындалды.

2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне қарасты «Jibek Joly» радиоарнасының басшысы қызметін атқарып келеді.