Деректі кино орталығы – медиахолдингтің Мемлекет басшысының қызметі мен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы басым бағыттардың жүзеге асуы туралы қоғамдық-саяси медиаконтент дайындайтын меншікті продакшн-базасы.
Қазақстандық және халықаралық көрермен 30-дан астам деректі және қысқаметражды фильмдерді, соның ішінде тік форматтағы өнімді көре алады. Деректі кино орталығының жобалары Қазақстанның, бүкіл Орталық Азия аймағының және әлемнің алдыңғы қатарлы телеарналарында, сондай-ақ YouTube платформалары мен онлайн кинотеатрларда көрсетіледі.
Деректі кино орталығының командасы Мемлекет басшысының еліміздегі және шетелдегі сапарларына бірге шығады. Сапарлардың қорытындысы бойынша ресми оқиғалар туралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның және әлемнің әртүрлі аймағындағы мәдени ерекшелік, адамдардың тыныс-тіршілігі мен ондағы атмосфера туралы баяндайтын фильмдер жасалады.
Деректі кино орталығы фильм өндірісінің толық циклін қамтамасыз ететін телеиндустриядағы бірегей, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Фильмдерді жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар тобы дайындайды.
Орталық қорында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы, дамуы және нығаюының негізгі кезеңдерін көрсететін мол эксклюзивті мұрағат жинақталған. Бұл - мемлекеттің құжаттама ауқымы мен тереңдігі жағынан теңдесі жоқ шежіресі.
Орталық жоғары сапа стандарттары мен тұтынушы сұранысына сай келетін коммерциялық жобаларды да шығарады.
Деректі кино орталығының фильмдері бірнеше рет халықаралық деңгейде танылды. «Құлалы аралының адамы» деректі фильмі жылдың үздік деректі фильмі ретінде «Тұмар-2025» Ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды. «Жолбарыс» фильмі «Парасатты кинематограф» халықаралық кинофестивалінде көрсетілді.