Басты бет › Jibek Joly / Silk Way АРНАСЫ

Jibek Joly / Silk Way АРНАСЫ

Jibek Joly - Қазақстанның ұлттық отбасылық телеарнасы.
Қазақстан Республикасының аумағында қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады.
Ақпараттық-талдамалық және әлеуметтік бағдарламалар, ток-шоулар, көрермендердің қатысуымен тікелей эфирлер, реалити-жобалар, мәдени және ойын-сауық форматта бағдарламалары эфирге шығады.
«Jibek Joly» телеарнасы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап хабар таратып келеді.

Халықаралық хабар тарату

Silk Way - Қазақстанның алғашқы халықаралық спутниктік телеарнасы.
Қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз, өзбек, түрік тілдерінде (аудиожолақтардан тіл таңдау арқылы) әлемнің 118 елінде тәулік бойы хабар таратады.
Телеарнаның миссиясы – Орталық Азия туралы ақпараттарды өңірлік және халықаралық деңгейде тиімді қалыптастыру және басқару.
«Silk Way» телеарнасы 2002 жылғы 25 қазаннан бастап хабар таратады.

Silk Way Cinema – халықаралық тақырыптық киноарна.
Қазақ және орыс тілдерінде (аудиожолақтардан тіл таңдау арқылы) ТМД аумағында тәулік бойы хабар таратады.
Көркем және деректі фильмдер, фестивальдік және авторлық кино, жас режиссерлердің туындылары, қысқаметражды фильмдер, сондай-ақ кино саласындағы оқиғалар мен шараларға арналған арнайы тележобалар эфирге шығады. Барлық контент – қазақстандық өнім.
«Silk Way Cinema» телеарнасы 2023 жылғы 25 қазаннан бастап хабар таратады.

Silk Way Prime – «Jibek Joly» телеарнасының халықаралық нұсқасы.
Қазақ және орыс тілдерінде ТМД аумағында тәулік бойы хабар таратады.
Көркем фильмдер, ақпараттық-талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, реалити-жобалар мен ойын-сауық жобалары бар. Барлық контент – қазақстандық өнім.
«Silk Way Prime» телеарнасы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап хабар таратады.

 

«Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры

Алдан Нағашыбек Серікұлы

1990 жылы дүниеге келген. 2013 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары телевизия және ақпараттық медиа саласында еңбек етіп, Inbusiness.kz ақпарат агенттігінде және Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінде басшылық қызметтер атқарған.

2023 жылдан бастап «Қазақпарат» – «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы қызметін атқарды.

2025–2026 жылдары «Қазақпарат» – «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры болды.

2026 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне қарасты «Jibek Joly» телеарнасының басқарушы директоры.


Тарихы

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап телеарна «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ШЖҚ РМК құрылымына енді.

Басшылар

2018 жылы «Kazakh TV»  арнасын Сандуғаш Нұрабайқызы Рақымжанова басқарды.

2019 жылы телеарна басшысы болып Майя Бекбаева тағайындалды.

2022 жылы «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры лауазымына Еркежан Кунтуган тағайындалды.

2026 жылы «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры лауазымына Алдан Нағашыбек Серікұлы тағайындалды.