-
- Қоғамдық қатынас саласының атауы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Кәсіпорынның Жарғысын негізге алады.
- Кәсіпорын мынадай негізгі қызмет түрлерін көрсетеді:
1) видео-, аудио-, кино- және фотоқұжаттарды жасау, жинау, өңдеу, сондай-ақ оларды қалпына келтіру және жүйелеу.
2) видеофильм мен телерадиобағдарламаларды жасау және тарату;
3) порталдар мен веб-жобаларды деректер базасын басқару жүйелерін қолдана отырып алгоритмдеу;
4) интернет желісіндегі мемлекеттік электрондық ақпарат порталдарын басқару, қамту және қолдау;
5) интернет желісінде ақпаратты өңдеудің инновациялық құралдарын пайдалана отырып, деректерді орналастыру және қайта өңдеу қызметтерін көрсету;
6) телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату;
7) жеке мүлікті жалға беру және басқару;
8) жарнама өнімін жасау және оны теледидар мен радио арқылы тарату;
9) телевизиялық және радиобағдарламалар жасау, дыбыстау, тираждау;
10) бағдарламаларды, кино-, аудио-, бейне- және басқа да өнімдерді жасау және айналымға шығару (сатып алу-сату, айырбастау, жалға беру және т.б.);
11) кәсіпорынның жоғары білікті мамандарының, отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы медиа сарапшылардың күшімен БАҚ қызметкерлерін және басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғаларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру, біліктілігін жаңғыртуды ұйымдастыру.
- Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары.
Жемқорлыққа қарсы стандартта жазылған саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды қызығушылықтарын жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлері:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын негізге алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға;
2) мүдделер қақтығысы туындап кетпеу үшін іс-шаралар қабылдауға;
3) Жеке және заңды тұлғалардың өз құқығы мен заңды мүддесін жүзеге асыруды қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
4) қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке мүлік түрінде және мүлік түрінде емес пайда табу үшін пайдаланбауға;
5) бар күш-жігерін кәсіби жұмысқа жұмсап, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, үнемді және өзге де тиімді тәсілдерін қолдануға;
6) қызметтік міндетін дұрыс атқару үшін кәсіби деңгейі мен біліктілігін ұдайы арттырып тұруға;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау кезінде қызмет жағдайын теріс пайдалануға, негізсіз бюрократия мен әуре-сарсаңға, сондай-ақ дөрекі әрі біржақты болуға жол бермеуге;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге;
9) әріптестерінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қолдау және талап етуге міндетті.
- Өз құзыреті аясында басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде кәсіпорын қызметкерлері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауға;
2) құпиялықты сақтауға және қызметтік құпияны жария етпеуге;
3) кәсіби (қызметтік) әдепті сақтауға;
4) басқа адамдар оны жемқорлыққа қатысты құқық бұзуға итермелеген жағдайда – дереу Кәсіпорын басшылығына, өкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша хабар беруге;
5) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілетін тиімді пайдалануға; өзінің қызметтік міндетін адал, бейтарап және сапалы орындауға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
жеке мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
7) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе лоббизм жасаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекет жасаудан аулақ болуға;
8) басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпауға;
9) әріптестер мен басшыларға өзара қарым-қатынас тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына ықпал етуі мүмкін өтініштерден аулақ болуға міндетті.
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде кәсіпорын қызметкерлері:
1) осы жобаның келісімін алу үшін мүдделі құрылымдық бөлімшелерге ішкі құқықтық құжаттардың жобаларын міндетті түрде түсіндірме жазбамен бірге жіберуге;
2) ішкі құқықтық құжат жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкес екеніне заң сараптамасын жүргізу үшін құқық және кадр басқармасына жіберуге міндетті.
- Өмір салты ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа қарым-қатынас кезінде кәсіпорын қызметкерлері:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың өтінішін қарауға және сол бойынша қажетті іс-шаралар қолдануға;
2) қоластындағы қызметкерлерді негізсіз айыптауға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, дұрыс емес мінез-құлыққа жол бермеуге;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объектив және анық мәлімет беруге;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, мүлікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
5) ұжымда іскерлік қарым-қатынас пен конструктивті серіктестік орнатуға және нығайтуға ықпал етуге;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу фактісі болғанын білсе дереу басшылыққа немесе жемқорлыққа қарсы өкілетті органға хабар беруге міндетті.
- Басқа шектеу мен тыйымдар
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарын сақтау.
Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген шектеулерді сақтау.
Басшылықтың өз өкілеті аясында шығарған бұйрығы пен үкімдерін орындау.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өз қызметі мен лауазымдық міндетін атқарғаны үшін заңды және жеке тұлғалардан ақша, қызмет түрін, сыйлық, тауар сынды сыйақы қабылдамау.
Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық жасауға үгіттемеу және мұндай әрекетін құптамау.
Мүлік түрінде және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу үшін таратуға болмайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау.