Тарихы
1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі болып тұңғыш қазақ ақпарат агенттігі құрылды.
1925 жылы – агенттік атауы ҚазРОСТ деп өзгертілді.
1937 жылы – Агенттік ҚазТАГ атауымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне берілді.
1992 жылы — ҚазТАГ Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінен Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі болып қайта құрылды.
1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) туралы» № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ жойылды. 30 қазанда Үкіметтің қаулысымен «Қазақ ақпарат агенттігі» республикалық қазыналық кәсіпорны құрылды, кейін «Қазақ ақпарат агенттігі» (ҚазААГ) болып өзгертілді.
2002 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» — «Қазақпарат» ҰК» АҚ құрылды.
2004 жылы – агенттіктің қазақ тіліндегі параллель атауы «ҚазАқпарат» (KazAkparat) қолданыла бастады.
2008 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі «Ұлттық компаниясы» АҚ «Арна Медиа» Ұлттық ақпарат холдингі» АҚ құрамына кірді.
2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпарат холдингі» АҚ таратылды, ал холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді.
2012 жылы – Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігі таратылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысымен «Қазақ ақпарат агенттігі Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамына қосу жолымен қайта құрылды.
2013 жылы – агенттік «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде қайта құрылды.
2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені коммерциялық емес акционерлік қоғамына қосылу арқылы қайта құрылды.
2023 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК қоғамына қосылу арқылы қайта құрылды.
Агенттікті әр жылдарда басқарған басшылар:
ҚазТАГ
Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937—1938) (репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді);
Константин Нефёдов (1939—1940);
Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953—1958);
Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959—1960);
Қасым Шәріпұлы Шәріпов, (1961—1974)
Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977—1982)
Жұмағали Исмағұлов (1982—1987)
Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987—1997)
КИА/ҚазААГ
Мұрат Майханұлы Аренов (1997—2002)
Казинформ/ҚазАқпарат
Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003—2004)
Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004—2006)
Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007—2016)
Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016—2017)
Асқар Қуанышұлы Омаров (2017—2021)
Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021—2022)
ҚР Президенті Телерадиокешені» ҰАҚ
Бас директор Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2022 жылдың 1 сәуірінен)
"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК
Директор Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап)