Басты бетҚазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады

Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады

Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады
[gallery ids="4928"]

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ, журналистердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды.

Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиа-қоғамдастықтың атынан Қылмыстық кодекстің жала жабу туралы 130-бабын қылмыстық деп танымау жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz