Басты бетҚазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті

Қазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті

Қазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті Қазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті Қазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті Қазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті Қазақстан Президенті Қытай Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті
[gallery ids="5058,5059,5060,5061,5062"]

Ян Цзечи Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР басшылығының коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қытайдың індетті ауыздықтау үшін атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның осы жаһандық деңгейдегі қауіпке қарсы бірлесіп күресуге ниетті екенін айтты.

– Осындай қиын сәтте Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасы басшылығының нақты әрі табанды іс-әрекеттеріне жан-жақты қолдау білдіреді. Төраға Си Цзиньпиннің өзі айтқандай, бұл қытай халқының соңғы жылдары бастан кешіп отырған ең қиын кезеңі. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде кездесетін осындай ауыртпалықтармен бірлесіп күресеміз деп ойлаймын. Екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту және нығайту жолында алға қадам баса береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында қазақ-қытай байланыстарын нығайтудың перспективалары, сондай-ақ, екі елдің халықаралық аренадағы ықпалдастығы талқыланды.

– ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіз. Сіз былтыр қыркүйек айында Қытайға алғаш рет мемлекеттік сапармен бардыңыз. Сол кезде ҚХР Төрағасымен бірлесіп жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту туралы мәлімдеме жасап, қытай-қазақ қатынастарына тың серпін бердіңіздер, – деді Ян Цзечи.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz