Басты бетМемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
[gallery ids="5194"]

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына әлемдегі заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштерді қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамасын пысықтау, сондай-ақ, қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери техникаларды инвентаризациялау және тексеру жұмыстары туралы баяндалды.

Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің геосаяси және экономикалық бағыттағы сын-қатерлерді мониторингтеу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелер туралы айтты. Сонымен қатар еліміздің Қарулы Күштерін тиімді басқаруды жақсартуға және қорғаныс қабілетін арттыруға негізделген заң жобасын дайындау жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің, оқ-дәрі қоймаларының, полигондар мен әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарын жүргізуге баса мән берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге және әскери кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сондай-ақ, әскери тәртіпті күшейту шараларын қабылдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz