Басты бетПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұман...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
[gallery ids="10264"]

Мемлекет басшысына агенттік құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Серік Жұманғарин ведомствоның ашықтық саясатын жүзеге асырып жатқанын, проблемалық мәселелерді қоғам және бизнес өкілдерімен бірлесіп талқылауға мүмкіндік беретін краудсорсингтік алаңдар мен кедергілер жөніндегі кеңестердің құрылғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының, сондай-ақ, Қазақстан әуежайларындағы тұтыну тауарларының бағасын төмендету жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сауда биржаларының қызметіне, сұйытылған газ бағасын арзандатуға, нарықтағы дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруға қатысты жасалған жұмыстар туралы айтылды.

Қазақстан Президенті ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының және дәрі-дәрмек бағасын айырықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік басшысына экономиканың тиімділігін арттыруға, тауар биржасы мен бәсекелестікті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндеттемелер жүктеді.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz