Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері, атап айтқанда:
🔸 «Ерен еңбегі үшін» медалімен – аға оператор Әбдірахманов Мереке Қатыбайұлы;
🔸 Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Құрмет грамотасымен – бухгалтерлік есеп, қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің бас маманы Еслямова Құралай Жұмабайқызы;
🔸 Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Алғыс хатымен –техникалық бөлімнің операторы Жауатаров Нұрлан Қанатұлы марапатталды.
Құттықтаймыз!