Басты бетМемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді Мемлекет басшысы «АрселорМиталл» компаниясының басқарма төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді
[gallery ids="13014,13015,13016,13017,13018"]

Президентке «АрселорМиталл Теміртау» компаниясының 2020 жылғы жұмысының нәтижелері мен 2021 жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында өндірістерді жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы өндіріс қуатын жаңғыртуға және арттыруға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайту қажеттігін айтты. Кеме жасау, автокөлік өнеркәсібі және электротехникалық өндіріс салалары бойынша жаңа тауарлар шығару маңызды міндет болуы керек.

Әңгімелесу барысында тараптар атмосфераға бөлінетін қалдықтарды азайту, оның ішінде, аглоөнеркәсіпте, конверторларда, коксохимиялық өндіріс пен ЖЭО-2-де экологиялық жабдықтарды жаңғыртуға қатысты компанияның жоспарларына ерекше көңіл бөлді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістегі жарақат алу жағдайларын азайту, компанияның шетелдік және отандық жұмысшылары арасындағы еңбекақы көлемінің алшақтығына жол бермеу бойынша тапсырма берді.

Бейнебайланыс форматында өткен кездесуге Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz