Басты бетҚасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөй...

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылады.

Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті.

Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.