Басты бетПрезидент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады

Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады

Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен телефон арқылы сөйлесіп, еліміздегі коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есебін тыңдады. 

Министрдің айтуынша, елордада індетті жұқтырушылар саябырлап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, соңғы аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандардың саны 10 пайызға артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1 тамыздан бастап елімізде індеттің таралу индексі 1,11-ден 1,01-ге дейін азайып, 9 пайызды құрағаны жөнінде ақпарат берілді. Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралу индексі 1 бірліктен төмендегенін, Алматыда 19 пайызға азайғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда аймақтардағы 328 медицина нысанында 55 658 науқас емделіп жатыр. Республика бойынша ауруханалардағы төсек-орындардың – 54 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 45 пайызында науқастар ем қабылдауда.

Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі таңда 5,9 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынып, екпе алатын тұрғындардың 59 пайызын құраған. 4,5 миллион адамға екпенің екінші компоненті салынып, екпе салынатын тұрғындардың 45,2 пайызы қамтылған.