Басты бетМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға жұмыс сапары Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен Түрікменбашы қаласындағы «Аваза» ұлттық туристік аймағындағы кездесуден басталды.

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысына қонақжайлығы үшін ризашылық білдіріп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуін өткізу өзекті әрі уақытылы бастама екенін атап өтті.

– Сіз ұйымдастырған кешегі іс-шара танымды, бір жағынан мазмұны да маңызды болды. Іс жүзінде, кеше біз бейресми кездесуде осындай күрделі кезеңде жұмылып, ынтымақтастықты одан әрі күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында Орталық Азиядағы өзекті мәселелерді талқыладық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарастырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады.

– Түрікменстан – Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Ұзақмерзімді әрі стратегиялық сипаттағы ортақ жобаларымыз көп. Бұдан кейінгі келіссөздер барысында да екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға міндетті түрде баса мән береміз. Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Түрікменстанға ресми сапарым бойынша жұмыс істеп жатыр. Жалпы, қол қойылатын негізгі құжаттар топтамасы әзір. Алдағы уақытта қол қойылатын келіссөздер мен келісімдер бауырлас елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, жеткізілетін тауарлар түрін арттыруға, көлік-транзиттік әлеуетті кеңірек пайдалануға және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды күшейтуге ниетті екендерін жеткізді.