Консультативтік кездесу аясында Орталық Азия елдерінің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Гурбангулы Бердімұхамедов және Шавкат Мирзиёев ұлттық тауарлар көрмесін аралады.
Көрмеде экономиканың түрлі саласындағы идеялар, технологиялар, инновациялар, өнеркәсіптік және өндірістік жабдықтар мен өнімдер таныстырылды. Іс-шараның басты мақсаты – инновациялық технология саласындағы жетістіктерді көрсетуге жағдай жасау, тәжірибе алмасу және Орталық Азия елдерінің серіктестерімен тиімді ынтымақтастық орнату.
Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері аймақ елдерінің ұлттық тағамдары халықаралық фестивалінің қонағы болды.
Шара соңында мемлекеттер басшылары бес елден келген өнер шеберлерінің концертін тамашалады.