Басты бетҚазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясымен кездестi

Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясымен кездестi

Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясымен кездестi

Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің (АҚШ) делегациясымен бейнебайланыс режимінде кездесті.

Кездесу барысында Аризона университеті мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.

Президенттің айтуынша, жаһандану үдерісінің әлем елдеріндегі білім беру саясатына тигізетін әсері артып келеді.

– Кейінгі жиырма жыл ішінде еліміз жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандырды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қатынастар көптеген саланы қамтиды. Әсіресе, ғылыми зерттеу және студенттер мен оқытушылар алмасу салаларындағы ықпалдастық маңызды саналады, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңеюі отандық университеттердің академиялық және зерттеушілік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Президент Аризона университетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу, сондай-ақ, білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

Америкалық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық аясында өңірлік университеттер базасында халықаралық стандарттарға сай бірлескен білім бағдарламалары әзірленеді.

Аризона университетінің өкілдері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарына барды. Соның ішінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылып отыр.