Басты бетПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы «Бернд» циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте жақындарынан айырылған азалы отбасылардың орны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Сізге және бүкіл бельгиялықтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Табиғи апаттан жараланғандардың тез арада сауығып кетуіне және із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.