Басты бетМемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қа...

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Кездесу барысында Президентке биылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген әсері туралы баяндалды.

Рустам Жүрсіновтің айтуынша, осы жылы бизнес-омбудсменнің кеңсесіне 3912 өтініш түскен. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға аз. 1463 өтініш кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Негізінен сатып алулар, жер, салық, құрылысқа қатысты мәселе жиі көтерілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «басынан бастап» реттеу тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Жаңа реттеу саясатының базалық тәсілдерін белгілейтін тиісті заң жобасы Парламент Сенатының қарауында жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін бизнеске қатысты міндетті бұрынғы талаптардың бәрі тексеріледі. Аталған шаралардың түпкі мақсаты – мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды толықтай цифрландыру.

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жұмысының қорытындыларын оң бағалап, бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбею себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар әзірлеу жөнінде бірқатар тапсырма берді.