

– Биыл біз мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Осыдан 30 жыл бұрын жаңадан бастаған едік, қазір стратегиялық серіктеспіз. Экономикалық ынтымақтастықта зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан мен Қытай әлемдік аренада, ең алдымен, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында жақын серіктестер саналады. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі даму деңгейіне көңілім толады. Дегенмен, бұл ынтымақтастығымыз дәйекті түрде дами беруге тиіс деп санаймын. Бір орында тұрып қалмай, жаңа нәтижелерге қол жеткізуіміз керек, – деді Президент.

