Қазақстан тоғыз жолдың торабындағы ел емес. Керісінше, сары мен кәрі құрлықты жалғастырған еліміз солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғайтын жаһандық жол торабында орналасқан мемлекет. Сондықтан «Орта дәліз» біз үшін де, Орталық Азия елдері үшін де үлкен мүмкіндік және ортақ байлық. Ал көне Ұлы Жібек жолын жаңғырту – өркениеттер арасындағы дипломатиялық және саяси ынтымақтастықты нығайтып, мәдениеттерді, әртүрлі идеялар мен технологияларды біріктіретін, мемлекеттер мен халықтардың әл-ауқатын арттыратын өте әлеуетті жаһандық мега-жоба.