Басты бетМемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Президентке «Қазпошта» акционерлік қоғамының былтыр атқарған қызметінің нәтижесі және компанияның қазіргі қаржылық жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, компания соңғы 5 жылда алғаш рет 2,4 миллиард теңге көлемінде пайда тауып, акционерге 1,5 миллиард теңге дивиденд төлеген. Салық аударымдары мен баж алымдарының жалпы көлемі 32,7 миллиард теңгені құрады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр «Қазпошта» арқылы жеткізілетін сәлемдемелердің саны 35 пайызға көбейіп, оларды ел аумағында жеткізу жылдамдағы екі есе артқаны туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен YTO Express Group компаниясы арасында серіктестік қатынас орнағаны жайында айтылды.

«Қазпошта» Алматыда ауданы шамамен 40 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы жоғары технологиялық қойма салуға ниетті. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс әрі Қытайдан ЕуроОдақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия бағыттары бойынша Қазақстанның жүк өткізу әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар Президентке отандық компанияның ел аумағындағы инфрақұрылымы мен бөлімшелер желісінің қазіргі жай-күйі таныстырылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын жақсарту және логистикалық әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.