Басты бетПрезидент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.