
– Парламенттің бұрынғы спикері ретінде парламентаралық дипломатияны дамытуға баса мән беремін. Елдерімізді бұрыннан бері келе жатқан достық және көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық байланыстыратынын атап өткім келеді. Польшаны Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп білеміз. Польшада болып жатқан жағдайды жіті бақылап отырамыз. Сіздің еліңізге және халқыңызға зор құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Ынтымақтастығымыздың келешегі зор деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз – осы өзара ауқымды ықпалдастықтың айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.

– Қазақстанға сапарымыз екі ел арасындағы өзара байланысты дамытуға тың серпін береді деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сіздердің елдеріңіздің даму қарқыны таңғалдырғанын шынайы түрде мойындаймыз. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көрегенділігінің арқасында жүзеге асырылды. Халықтарымыз экономикалық дағдарыстың күрделі кезеңінде дами бастады. Қазақстанды дамыту, Нұр-Сұлтан қаласын өркендету және еліңізде демократияны қалыптастыру жолындағы жеткен жетістіктеріңіз бізге ерекше әсер етті, – деді Польша Сенатының спикері.
