ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамоталарымен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталды.
Марапаттарды ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев пен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Б. Уәли табыс етті.
ТРК қызметкерлері "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен, ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының Алғыс хаттарымен, ҚР Президенті Іс басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Құттықтаймыз!