Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды.
Благовещенский соборында Қазақстан Президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.
«Құл Шариф» мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің Жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.
Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.