

– Биыл біздің дипломатиялық қатынастарымыздың орнағанына 30 жыл. Бұл – өте маңызды дата. Екі ел арасында жоғары деңгейлердегі ашық саяси диалог жолға қойылған. Парламенттік, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді, – деді Президент.

– Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыздың табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ форматында экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз, – деді Никол Пашинян.Сондай-ақ Премьер-министр Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін оң бағалап, Арменияның ұйымға төрағалығы аясында осы мәселеге басымдық берілетінін атап өтті.
