Басты бетҚазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

Қазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды. Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі. kz1-0569-2_1.jpg (2393×1061)