Басты бет
›
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Көшбасшылар Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалары бар екенін атап өтті.
Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.
Қазақстан Президенті Қатардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру ісіне атсалысуға шақырды.
Қатар Әмірі көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтып, осы бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық жүргізу үшін ресми өкілдерін жіберуге ниетті екенін жеткізді.