– Осыған байланысты Қазақстан мен Франция арасындағы сан қырлы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылау үшін өзара қолайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президенті Франция көшбасшысына сарқылмас күш-қуат және аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас француз халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.