Басты бет
›
ҚР Президентінің Іс басқарушысы ТРК ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады
ҚР Президентінің Іс басқарушысы ТРК ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев ТРК ұжымымен кездесті.
Айбек Дәдебаев Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық қамтамасыз ететін, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы бастамалары мен тапсырмаларын іске асыратын Телерадиокешеннің маңыздылығына тоқталды.
ТРК Бас директоры Раушан Қажыбаева Телерадиокешенде жаңғырту жұмыстары жүргізілгенін, ТРК құрамына «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі, «Kazakh TV» халықаралық спутниктік телеарнасы және «Kaztube» ұлттық бейне-хостингі кіргені жөнінде баяндады.
Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Телерадиокешені отандық және халықаралық кеңістікте қызметін жүзеге асыратын толық циклді ірі қазақстандық медиа-компанияға айналды.
Кездесу барысында ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев ТРК ұжымын толғандыратын бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, кездесуде әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу, кепілдіктер мен жеңілдіктер беру, қызметкерлердің мүдделерін қорғау, ТРК қызметкерлерінің кәсіби және жеке тұлға ретінде қалыптасу мәселелері жөнінде айтылды.
Кездесудің соңында А. Дәдебаев ТРК ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, ҚР Президенті Іс басқармасының атынан үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады.