– Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында «аралық нарық» рөлін атқара отырып, бұл іске өз үлесін қоса алар еді, – деді Мемлекет басшысы.Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды. Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылыққа және осы елге көмек беруге қатысты халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайтынын нақтылады. Әңгіме соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.