Өз кезегінде Тери Хакала Президентті референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Брюссельдің Орталық Азия аймағындағы жетекші серіктесі Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен ықпалдастықты жалғастыруға Еуропа Одағының бейілді екенін нақтылады.
Сонымен қатар ол Еуропа Одағы Мемлекет басшысының реформалар жүргізу бағдарламасына жан-жақты қолдау көрсететінін, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Еуропа Одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға зор қызығушылық танытты.
Бұдан бөлек олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.