
– Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және одан әрі дамыту, – деді Президент.Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

– Біздің достық және көпжақты ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Мен маңызды мәселемен келдім. Екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және достықты бағалаймыз, – деді Грузия Премьер-министрі.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге сәлемін жолдады.