
БАӘ, Абу Даби қаласы
Кездесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруды көздеп отырғанын айтты.