Басты бет
›
Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.