– Роман Васильевич, Сіз әкімдікпен бірге отырып, осы мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеуіңіз керек. Бұл жағдайда бәрінің де – иелерінің де, әкімдіктің те, оператордың да тығырыққа тірелгені байқалады. Аталған мәселелерді дәл қазір асығыс шешпеуіміз керек. Сіз маған баяндадым деп есептеңіз. Енді осы мәселені шешумен айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сонымен қатар Мемлекет басшысына Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысына қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді. Облыс әкімі Үкіметпен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. ЖЭО-ның қуаттылығын сағатына 520Гкал жылу мен 240MBт электр энергиясын өндіретін деңгейге дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.