– Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты. Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді, – деді Фолькер Тюрк