Басты бетМемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деп жазылған жеделхатта.