«Парасаттылық стратегиясы» атты Президенттің телерадиокешені деректі фильмі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапарының қорытындысына арналады. Деректі фильм Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту мен нығайту болашағы туралы баяндайды. Сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту әлеуеті, жаңа маршруттық дәліздер және отандық тауар өндірушілердің жаңа өткізу нарықтарына шығуы туралы. Президенттің ресми сапары аясында қанша келісімге қол қойылғаны және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы Президенттің ТРК түсірген «Парасаттылық стратегиясы» атты деректі фильмінде айтылады.