«Алтын» 30 жылдық. Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына сапармен барды. 17-18 қазанда Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Сенмен және Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ Тоқаев "Бір белдеу, бір жол"жоғары деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың III форумына қатысты. Сапар аясында мемлекет басшысы ірі қытайлық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Президенттің телерадиокешені «Алтын» отыз жылдық» атты жаңа деректі фильмін ұсынады.