Президенттің телерадиокешені Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа органдардың көмегімен ҰҚТ-ты жою бойынша ауқымды арнайы операция жүргізгені туралы деректі фильм ұсынады. Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жаппай ұстау өткен болатын. Нақтырақ айтқанда, арнайы операция Хоргос пен Қордайда жүргізілді. Операцияға ҰҚК және ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Фильм арнайы операцияға дайындықты және оны орындау процесін егжей-тегжейлі көрсетеді.