Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары. Қазақстанда бұл өңір қорғасын, мырыш, концентраттардағы мыс, тазартылған алтын және күміс өндірісіндегі негізгі өңірлердің бірі, ал титан, магний, тантал және атом электр станцияларына арналған отын өндірісі бойынша жалғыз өңір болып табылады. Сонымен қатар энергетика, АӨК, логистика, туризм сияқты салалардың да өндірістік әлеуеті зор.
Мемлекет басшысы бірқатар нысандарды, яғни өнеркәсіптік және әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Президент өңір әкіміне не тапсырды?
Толығырақ Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің «Тоқаев. Өңірлер. ШҚО» деректі фильмінен көре аласыздар.