Басты бетҚР Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ҚР Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ҚР Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Науқан аясында 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталды. Бастапқы жеті күн ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалады. Ал 20 сəуірге дейін жалғасқан екінші аптаға «Киелі мекен» атауы берілді. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер, саябақтар аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сенбілік

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұжымы сенбілік кезінде «Әбу-Даби Плаза» мен Ботаникалық бақ арасындағы 14 гектарға созылған саябақтың аумағын тазалады. Осы саябақтан 250-ден астам қап қоқыс шығарылды. 

«ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұжымы еліміздің әлеуметтік саладағы бастамаларына белсенді түрде қатысып келеді. Біз қаламызды жақсы көреміз және тазалық пен тәртіпке үлес қосуға тырысамыз. Бүгін саябақты тазалауға атсалыстық. Алдағы уақытта қалада 100-ден астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Елордада ҚР Президентінің Телерадиокешені аллеясы бар және оның күтіміне қарап жүрміз. Өйткені, «Таза Қазақстан» - ол тек сенбіліктер ғана емес, Мемлекет басшысы жариялаған жаңа экологиялық мәдениет», - деді Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева. 

ТРК Президента принял участие в экологической акции «Таза Қазақстан»

Еске салсақ, «Таза Қазақстан» аясында 27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі. «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі. «Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Сенбілік

Бүгін экологиялық науқан аясында Астанада ескерткіштер мен олардың маңайында ауқымды сенбілік өтіп жатыр. Бұл ретте, Мәдени мұра нысандарының, ескерткіштердің және оларға іргелес аумақтардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары іске асырылып отыр. Акцияны белсенді тұрғындар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер, оқушылар мен студенттер, мәслихат депутаттары, Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және басқалар қолдады. Астанада 117 ескерткіш болса, оның 46-сы мемлекет қорғауына алынған. 

ТРК Президента принял участие в экологической акции «Таза Қазақстан»