Президенттің бастамасымен биылдан бастап Ұлыстың ұлы күні күллі республика көлемінде 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесінен» бастап тойланып жатыр. Және әр күннің атауы мен мағыналық сипаты бар. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені түсірген «Жыл басы» танымдық деректі фильмі Наурыз мейрамының жаңаша сипатын айшықтайды. Фильм Наурыз мейрамы неліктен жылдағыдан ерте басталғанын білуге құштар он жасар Азамат пен голлограмма сипатты Қыдыр атаның әңгімесі арқылы баяндалады. Ал кішкентай кейіпкеріміз 14-22 наурыз арасында куә болған әр күн ұлттық мерекенің сипатын айшықтайтын оқиғалармен өрбіп отырады.