Фильм Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 2024 жылғы 18-19 сәуірдегі Астанаға ресми сапарына арналған.
Сапар барысында екі елдің қарым-қатынасына қатысты саяси, көліктік-транзиттік, сауда-экономикалық, энергетикалық-инвестициялық келісімдер жасалды.
Атап айтқанда, президенттер басқаратын Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартқа» қол қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шарттың өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын және екі елдің мүдделеріне толық жауап беретінін атап өтті.