Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне мерекелік тарту. ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты Президенттік оркестрдің «ABYROY» тобы орындайтын «Рух» әні көптен бері тыңдаушының құлақ құрышын қандырған туынды еді. Айтпақшы, әннің авторлары да сондағы жігіттер – әнін жазған Жанболат Әділов, сөзін Рүстем Арсыланов жазған. Міне, сол туындыға Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені тамаша бейнебаян түсірді. Ән – құлағыңызда, бейнебаян – назарыңызда. Мархабат! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!