Мемлекет басшысы ауыл халқының табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнес арқылы ел адамдары өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасын қарқынды түрде жүзеге асыруға тапсырма берген болатын. Аталмыш бағдарлама 2029 жылға дейін жұмыс істейді. Осы жылы жеке кәсіп ашам деген ауыл адамына жеңелдетілген несие беру арқылы 16,7 мың микрокредит берілмекші. Соның нәтижесінде 17,7 мың жаңа жұмыс орнын ашу жосапарланып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің шығармашылық тобы жоғарыда аталған бағдарлама орайында атқарылып жатқан жұмыстарды көзімен көріп, мемлекеттен 2,5 пайызбен несие алып, жеке кәсіппен айналысып жатқан азаматтардың еңбегімен танысу мақсатында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын аралап қайтқан болатын. Сол сапардан «Ел жақта» деректі фильмі әзірленді.